-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Медиа - орталық
Қазіргі таңда энергиямен жабдықтаушы ұйым «Шығысэнерготрейдтің» залалы миллиард теңгеге таяды. Серіктестік 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне тариф көтеруге 5 өтінім берген болатын. 2016 жылдың тамыз айында «Шығысэнерготрейд» ЖШС электр энергиясына бағаны көтеруге тыйым салу туралы реттеушінің дәлелді қорытындысын алды.
Жағдай облыстың коммуналдық кәсіпорындарының дебиторлық берешегінің өсуімен қиындап барады, соның ішінде «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей-Водоканал» МКК және Зырян қ. «Водоканал» МК. Бүгінгі күні коммуналдық кәсіпорындардың «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не қарыздары 0,7 млрд. теңгеден астам құрайды.
Ақшалай қаражат тапшылығы электр энергиясын жеткізушілер мен тасымалдаушылардың алдындағы қарыздың артуына себеп болып отыр – энергиямен жабдықтаушы ұйымның Өскемен және Шүлбі СЭС-ның алдындағы берешегі 780 млн. теңгені құрайды.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС кассалық алшақтықты жабу үшін банктерден несие алуға мәжбүр. Бүгінгі күні энергиямен жабдықтаушы ұйымның берешегі несиелер бойынша төлемдерін есепке алғанда, 1 млрд. теңгеден артты.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Вячеслав Аксеновтың айтуынша, күз-қыс мезгілінің қарсаңында энергиямен жабдықтаушы ұйымның қаржылық жағдайы өте мүшкіл деп бағалануда және өңірдің үздіксіз энергиямен жабдықталуына кепілдік бере алмайды.
Энергия өндіретін және энергия беру ұйымдарына электр энергиясын жеткізу және тасымалдау үшін уақытында төлемеу олардың тарапынан айыппұл шараларына және «Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынушылары үшін электр энергиясының жеткізілуіне шектеу енгізілуіне әкеліп соғуы мүмкін.
Соңғы рет «Шығысэнерготрейд» ЖШС қызметтеріне тариф 2015 жылдың 1-қаңтарында көтерілгенін естеріңізге саламыз, сондай-ақ, бір жарым жыл ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифін құрайтын тауарлар мен қызметтерге баға айтарлықтай артты.