-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
Жаздың қауіп-қатерлері
Көп уақыттан бері аңсап күтіп жүрген жаз да келіп қалды – жазғы демалыс уақыты. Көптеген адамдар өлкеміздің атағы шыққан демалыс кешендеріне барып немесе қаланың сыртындағы табиғатқа шығып демалыс күндерін өткізеді. Жазғы демалыстардың басталуымен аулалар және балалар алаңдары жанданды. Көп уақытта балалар далада үлкендердің қадағалауынсыз жүреді. Өкінішке орай, статистика бойынша жазғы уақытта тұрғындар арасында электр тоғымен зақымдану оқиғалары өсіп барады. Әдеттегідей, қайғылы оқиғаның басты себебі қауіпсіздік шаралардың сақталмауы, ал көп жағдайда электр тасымалдайтын әуе желілері мен электр жабдықтарының маңайындағы қауіпсіздік ережелерін әдейі бұзуы.
Әр аулада сыртынан залалсыз болып көрінетін электр тарату желісі тірегінің (ел ішінде «бағаналар»), электр қондырғылар, электрқалқандар, трансформаторлық қосалқы станциялар көптеген қауіп-қатерлерді іште сақтайтынын біз ұмытпауымыз керек.
Электр тоғының тән ерекшілігі оның жасырын қауіп төндіруі болып табылды: электр қуатын көруге, естуге, иісін сезуге болмайды. Сондықтан қоршаулар және ескерту белгілерге қарамастан электр объектілеріне жақындау адамдарға қорқыныш сезімін туғызбайды.
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ тұрғындардың электр тасымалдау әуе желісі және трансформаторлық қосалқы станциялардың қасында электр қаупсіздік ережелерін ешбір жағдайда бұзбай, сақтықты танытуларын өтіне сұрайды. Сіздің өміріңіз, денсаулығыңыз және қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда екендігін есіңізде сақтаңыз.
Электр қауіпсіздік ережесіне сәйкес қатаң тыйым салынады:
- электр тасымалдау әуе желілерінің астында қандай болса да құрылыстарды құру, отын мен шөпті жинау, от жағу, батпырауықтарды ұштыру;
- электр тасымалдау әуе желісінің қорғау аймағында балық аулау;
- электрлік қосалқы станция мен трансформаторлық бекеттердің аумағында және оларға жақын жерде, сонымен бірге электр тасымалдау әуе желілердің астында ойнауға;
- әуе желісінің тірегіне көтерілуге, оқшаулатқышты сындыруға, сымдарға қандай болмасын заттарды немесе басқа сымдарды ілуге;
- үзілген электр тасымалдау әуе желілердің сымдарына 8 метр қашықтыққа жақындауға;
- қосалқы станциялар, трансформаторлық бекеттері мен тарату құрылғысының бөлмелеріне кіруге;
- егер электр тасымалдау әуе желісі ағаштардың қасында өтсе, ағаштарға өрмелеуге,
- электрлік қосалқы станциялардың аумағына кірген заттарды шығарып алуға;
- электр тасымалдау әуе желілердің салбыраған сымдарына жақындауға;
- электр құралдарды және үй ішіндегі электр сымдар жүйесін өз бетімен жөндеуге;
- тұрмыстық жүйелерді аскын жүктеме – бұл қысқа тұйықталу мен өртке әкеледі;
- қолыңыз су болған кезде электр құралдарды ұстауға;
- жалаңаш сымдарды ұстауға;
- қорғағыш ретінде калибрленген балқымалы ендірмені (сақтандырулық қыстырғысын) қолдануға;
- көтеріңкі номинал тоғы бар автоматты ажыратқышты қолдануға.
Электр жабдықтары мен электр тасымалдау әуе желілердің тіреулеріндегі «Абайла – жоғары кернеу!» – найзағай белгіленген сары түсті үшбұрыш және «КІРМЕ - ӨЛТІРЕДІ» атты ескерту плакаттарға ерекше назар аудару қажет.
Әуе электр желісінің сымы үзілген кезде адымдық кернеу пайда болады, сондықтан тұйықталу болған жерге 8 метрден кем қашықтыққа жақындауға тыйым салынады. Егерде сым тым кеш байқалып қалса, бұдан табандарыңызды жерден көтермей және табандарыңыздың арасындағы жарықты болдырмай әрі жаққа аулақ кеткен жөн.
Қатты желдің кесірінен электр тасымалдау әуе желілерінің үзілгені пайда болғанда, апаттың барлық себептері жойылғанға дейін ата-аналар балаларды далаға ойнауға байқаусыз жібермеу керек.
Электр тоғымен зақымданған кезде электр желілерінің диспетчеріне ЖТҚС корпусындағы немесе қосалқы станцияның есігінде көрсетілген телефоны бойынша, сондай-ақ жедел жәрдем телефоны 103 немесе ТЖ телефоны 112 мүмкіндігінше тезірек хабарлау қажет.
Әуе желілері сымдарының үзілгенін байқап қалсаңыз, ТЖ телефоны 112 немесе аудан электр желілерінің диспетчеріне хабарласуыңызды сұраймыз.
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ Сізге керемет және ең маңыздысы - қауіпсіз демалыс тілейді !