-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
Кәсіби шеберлік республикалық жарысында Шығыс Қазақстан II орында!
2017 жылғы 5-8 қыркүйек аралығында «Қызылорда АЭК» АҚ аумағында таратушы электр желілерін пайдалану бойынша жедел-жөндеу қызметкерлерінің арасында жыл сайын өтетін кәсіптік шеберлік республикалық жарысы өтті. Сайысқа 10 команда қатысты: «Солтүстік Қазақстан АЭК» АҚ, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Шығыс Қазақстан АЭК» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «ТАТЭК» АҚ, «Жамбыл АЭК» АҚ, «Батыс Қазақстан АЭК» АҚ, «Маңғыстау АЭК» АҚ, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС, «Қызылорда АЭК» АҚ.
Сайыстар Қызылорда қаласында «Қызылорда АЭК» АҚ-ның оқу-жаттығу полигонында өткізілді. Қатысушыларға 7 кезеңнен өтуі керек болды. Командалар қауіпсіздік техника, апаттық жағдайларды жою дағдылары, электр тоғынан зардап шеккен адамды құтқару шеберлігі және т.б. білімдері бойынша сайысты. Жарыстың мақсаты – қызметкерлердің біліктілігін арттыру, АЭК қызметкерлері арасында жарақаттануларды төмендету, тәжірибемен алмасу және үздік тәжірибелерді көрсету.
Жарыс нәтижесі бойынша «Гран При» титулына «Қызылорда АЭК» АҚ-ның командасы ие болды, бірінші орынды «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жеңіп алды, ал үшінші орын «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тиесілі болды. Екінші жүлделі орынға «Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ-ның командасы иеленді.
Команда құрамы: жетекші - Константинов В.В., мастер – Спивак С.А., команда мүшелері - Курмангалиев А., Касымжанов М., Копжасаров Б., Петрухин А. Екінші жүлделі орын алғаны үшін команда УАЗ «Фермер» автокөлігімен марапатталды.
Шығыс Қазақстанның намысын қорғап шыққан жеңімпаздарды құттықтаймыз!