-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
«ШҚ АЭК» АҚ Меморандумдарға қол қойды
2018 жылы 16 қазан күні, Хельсинки қаласында өткен қазақстандық – финдік бизнес – форумы аясында «ШҚ АЭК» АҚ «Ensto» халықаралық технологиялық компаниясымен және «Reka Cables» кабельдерді өндіруші финдік ірі компаниясымен ынтымақтастық туралы Меморандумдарына қол қойды.
ШҚ АЭК нарықтағы әйгілі халықаралық компанияларымен серіктестікте ірі энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға мақсат қойды, оның барысында «ноу-хауды» және компанияның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге және жаңғыртуға бағытталған жаңа инновациялық жобаларды жүзеге асыруға арналған тәжірибені енгізуге мүмкіндік туындайды.
«Осындай келісулер біздің үкіметтің жекешелендіру Бағдарламасының арқасында жүзеге асырылғанын, атап өткен жөн. Біз, жеке компания ретінде, халықаралық деңгейге өздігімізден шығуға, мәмілелер жасауға, бір сөзбен айтқанда, тұрақты пайда өсіміне, сондай-ақ компанияның толықтай сәтті дамуына бағыт алған, электр энергиясын танымал жеткізушісі мәртебесін сақтауға қажет әлемдік тәжірибені зерделеуге және үйренуге мүмкіндігіміз бар», - деп қол қойылғаннан кейін «ШҚ АЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Киркинбаев Ерлан Амантайұлы мәлімдеді.
«Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компания» АҚ — Қазақстанның ең ірі аймақтық энергия беруші кәсіпорындарының бірі, ол нарықта 90-жылдан астам табысты жұмыс істеп келеді. Компания электр энергиясын 15 ауылдық ауданға, 10 қалаға, 872 ауылға және Шығыс Қазақстан облысының басқа елді мекендеріне береді. Кәсіпорын желілерінің ұзақтығы 34 000 астам километрді құрайды. Қызмет көрсетілетін аумақтың ауданы — 283 300 мың шаршы километр.
«ШҚ АЭК» АҚ баспасөз қызметі