-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
ҚазИГЗУ-мен ынтымақтастық
2021 жылдың ақпан айының басында Семей қаласында «ШҚ АЭК» АҚ Басқарма Төрағасы Мақанов Ерлан Тілегенұлы және «ҚазИГЗУ» ректоры Құрманбаева Шырын Асылханқызының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында кадр саясаты шеңберінде, атап айтқанда, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауды жақсарту үшін оқу жоспарын жоспарлау бойынша екі жақты келісімдер туралы келіссөздер жүргізілді.
Екі тарап біздің компаниямызда мамандарды тәжірибелік даярлау және түлектерді өзіміздің кәсіпорында жұмысқа орналастыру жүйесін бірлесіп жетілдіру туралы келісімге келді.
Өз кезегінде, «ШҚ АЭК» АҚ «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша қашықтықтан оқуға түсуді жоспарлап жүрген және оқып жатқан өз қызметкерлерін оқыту үшін жартылай ақы төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне алуға дайын.
Іс-шара соңында Ерлан Тілегенұлы ҚазИГЗУ ұжымының тұлғасындағы серіктестеріне бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқандары үшін алғысын білдірді.