-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ҮШІН ТӨЛЕМ ЖАСАУ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУДАМЫЗ
«БЭСК» АҚ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ИГІ ІС-ШАРАҒА ҚАТЫСТЫ
«БЭСК» АҚ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне электр энергиясы үшін төлем жасауға арналған дәстүрлі қайырымдылық акциясына қосылды. Аталған игі бастамаға «АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС 15 жылдан бері ұйытқы болып келеді.
Акция аясында ардагерлер тізімі бойынша жеке шоттарды салыстыру жұмыстары жүргізілді.
9 Мамыр — ұрпақтарды біріктіретін күн.
Жеңіс күні — халқымыздың батырлығы мен табандылығының символы.
Біз Ұлы Жеңіске үлес қосқан соғыс ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, барша қаһармандарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Бүгінгі бейбіт өмір үшін Сіздерге тағзым етеміз!
«БЭСК» АҚ бұл маңызды бастамаға зор мақтанышпен қатысты.
Ардагерлерге көмек көрсету эстафетасы қабылданды!
«АЭС Өскемен ГЭС» ЖШС және «АЭС Шүлбі ГЭС» ЖШС қызметкерлері ардагерлерге электр энергиясы үшін төлем жасау мақсатында ерікті түрде қаражат жинап, республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы филиалдары ұсынған тізімге сәйкес, жеке шоттарға қаражат аударды.
«БЭСК» АҚ бұл игі дәстүрді жалғастырып, ағымдағы жылдың тамыз айында акцияға қайта қатысады.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында 35 Ұлы Отан соғысы ардагері тұрады. Олардың қатарында соғысқа қатысушылар мен мүгедектер, фашистік лагерьлер мен геттолардың кәмелетке толмаған тұтқындары, сондай-ақ қоршаудағы Ленинградта еңбек етіп, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтар бар.
Бұл – ұмытылмас ерлік. Ұрпақ парызы – ардагерлерге құрмет көрсету мен олардың есімдерін мәңгі есте сақтау.