-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда «ШҚ АЭК» АҚ оперативті – жөндеу қызметкерлерінің арасында кәсіби жарыс болып өтті
2015 жылы 25-26 шілде аралығында Тавр электр желілері аймағында жатықпа - машықтану полигонында «ШҚ АЭК» АҚ қызметкерлері арасында кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Екі күн ішінде энергетикалық компанияның қызметкерлері өздерінің кәсіби дағдылары мен шеберліктерін көрсетті. Жарыста әр облыстан 5 команда қатысты. Яғни Абай Аймағы, Алтай Аймағы, Зыряновск аймағы, Оңтүстік аймақ және Аягөз аймағы.
Жарыс барысында қатысушыларға компьютерлік әдіспен ТҚЕ, ТЕҚ, ӨҚЕ білімдерін тексеру күтілуде. ВЛ – 10 кВ шабуынан электр тогы әрекетінен зақымданған адамды босату және «Гоша» атты манекен-тренажерді пайдалану көмегімен алғашқы көмек көрсету ; ВЛ -35 кВ байланысу аясында Л-3 ВЛ -10 кВ сым кемістігін ауыстыру; ТЖБ 10/04 кВ өтілім ажыратқыш кемістігін ауыстыру; АӨС пайдалануымен ВЛ-10 кВ шабуынан АССЕ -10 полюсін ауыстыру; ажыратқышты реттеу; ТЖБ-ғы жерге тұйықтау контурын өлшеу; 0,4 кВ желіде (шалу «саты-нөл») қысқа тұйықталу тогын өлшеу. Әуе жолын қорғау үшін (тежегіш қорытпа қосу) автоматты ажыратқышты дұрыс таңдау бағасы, ТЖБ 10/0,4 кВ трансформаторының тұтануын өшіру; жүргізушілер кезеңі. Барлығы 8 кезең.
Жарыс нәтижесі бойынша әр түрлі номинациядағы және жүлделі орынға ие болған команда жеңімпаздары анықталды. Яғни, 1 орын ауыр күресте жеңіске жеткен Алтай аймағы командасы, 2 орын Абай аймағы командасы, 3 орын Зыряновск аймағының командасына бұйырды.
Багратион желілік аймағының шебері – Спивак С.А. – мекеменің ең үздік шебері атағына ие болды. Жаңа-Семей желілік аймағының пайдалану бойынша электромонтері – Көпжасаров Б.Т. – ең үздік жұмыс атқарушы атағына ие болды. Ақжар желілік аймағының пайдалану бойынша электромонтері – Маденов М.М. – ең үздік электромонтер болды. Жаңа-Семей желілік аймағының ппайдалану бойынша электромонтер – Наймангазин А.С. – ең үздік жүргізуші атағына ие болды. Жарыс жеңімпаздары командалық сыйлықтармен қатар жеке ақшалай да алды.
Айта кетсек, мұндай жарыстар энергетикалық мекеме қызметкерлерінің кәсібилігін көтерудегі маңызды сәт болып табылады. 3000-нан аса қызметкерлері бар ұжым болып саналатын «ШҚ АЭК» АҚ-да осындай жарыстар жылда болып тұрады.