-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
Жаңалықтар
Электр қауіпсіздігі ережелері
«Шығыс-Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясы» АҚ тұрғындар арасында электр тогымен зақымдану жағдайларына ерекше назар аударады. Негізгі себеп электр беру әуе желілері және электр құрылғылары жанындағы қауіпсіздікті сақтамаудан болып отыр.
Электр тогының ерекше қасиеті оның жасырын қатерлері болып табылады. Яғни электр тогын көре алмайсын, естімейсін, иісін сезу мүмкін емес. Сондықтан қоршауларға және ескерту белгілеріне қарамастан электр объектілеріне жақындау, кейбір жағдайларда бұл адамдарға қауіптенуді тудырмайды.
Электр қауіпсіздігі ережелеріне сай мүлдем рұқсат етілмейтін жағдайлар:
- әуе желілері сымдарының арасына құрылыстар салуға, отын, шөп қаттауға, от жағуға, батпырауықтар ұшыруға;
- әуе жолдары қорғау аймағында балық аулауға;
- электр шағын станциялары, трансформатор пункттері, әуе желіллері сымдар арасында ойнауға;
- әуе желілері тіреуіне шығуға, ажыратқыштарды бөлуге, сымдарға қандай да бір заттар лақтыруға;
- 8 метрден жақын қашықтықта үзілген сымдарға жақындауға;
- шағын станцияларға, трансформатор пункттеріне кіруге;
- әуе желілері жанындағы ағаштарға шығуға;
- электр шағын станцияларының аумағынан заттар алуға;
- әуе желілері иіліп тұрған сымдарына жақындауға;
- өздігімен электр құрылғылары мен үй электр өткізгіштерін жөндеу;
- тұрымыстық желілерді шамадан тыс жүктеу-бұл қысқа тұйықталуға және өртке алып келеді;
- егер қолдарыңыз су болса, электр құрылғыларына жақындамаңыз;
- ашық сымдарға жақындауға, қол тигізуге;
- қорғағыш ретінде калибрлік емес ерімтал қосымшаларды падалану керек;
- автоматты ажыратқыштарды пайдалану керек;
Әуе желілерінде және электр құрылғыларындағы ескерпе плакаттарға найзағай суреті бар сары үшбұрышты белгіге «Абайла-жоғарғы кернеу» жжәне «Кірме-өлтіреді» белгісіне ерекше назар аудару керек.
Әуе желілері сымдарының үзілуі кезінде кернеу қадамдарының пайда болуынан сақтану үшін 8 метрден кем емес қашықтықта тұйықталу орнына жақындауға тыйым салынады.
Қатты желден кейін балаларды ата-ананың қарауынсыз қалдыруға болмайды, себебі қатты желден электр әуе желілері сымдары залал тигізуі мүмкін.
Егер де электр тогымен зақымданған болса, тез арада КТП корпусындағы немесе шағын станциялар есігінде көрсетілген телефонға хабарласып диспетчерге хабарлау керек, сонымен қатар 103 нөміріне хабарласып жедел жәрдемді немесе 112 нөміріне хабарласып ТЖ хабарлау қажет.
Егер де сіз әуе желілерінің сымдары үзілуін байқасаңыз тез арада 112 нөмірі арқылы ТЖ немесе электр желіліері аймағындағы диспетчерге хабарласуыңызды сұраймыз.