-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
35/6 КВ № 7 ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ
35/6 кВ № 7 қосалқы станциясы 5 мыңнан астам тұтынушысы бар Семей қаласының тораптық қосалқы станцияларының бірі болып табылады. Семей қаласында жүктеме қарқынды өсуде. №7 қосалқы станция арқылы э/э беру көлемі 2020 жылы 53 781 462 кВт*сағ құрады. Трансформаторлардың біреуі істен шыққан жағдайда жиынтық жүктеме 136,1% құрайды. Апаттық режимдерде жүктеменің ең жоғары деңгейінде жүктемені аудару мүмкіндігі жоқ, бұл тұтынушылардың ажыратылуына әкеледі. Қосалқы станция Семей қ., Трусов к-сі аяқ киім фабрикасы маңында орналасқан. Электр энергиясының кернеуін үздіксіз беру үшін 10000 кВА трансформаторын 25000 кВА трансформаторына ауыстыра отырып, кернеуі 35/6 кВ, 25000 кВА қуатты екі күш, үш фазалы, екі орамалы трансформаторларды жинақтау арқылы қосалқы станцияларды қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жабдықтарды, 35 кВ ажыратқыштарын, 35 кВ кернеу трансформаторын, айырғыштарды, КРУ-6кВ, ОПУ, ЭКЕАЖ, ТбБ, КЖ ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Экологиялық аспект: 6-10-35-110кВ май ажыратқыштарын вакуумдық және элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру май толтырылған жабдықты пайдалану кезінде қоршаған орта құрамының ластануын болдырмауға мүмкіндік береді. Пайдалану кезеңінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көздері жоқ.