-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
35/6 КВ № 3 ҚОСАЛҚЫ СТАНЦИЯСЫ
35/6 кВ № 3 қосалқы станция 9 мыңнан астам тұтынушысы бар Семей қаласының тораптық қосалқы станцияларының бірі болып табылады. Семей қаласында жүктеме қарқынды өсуде. № 3 қосалқы станция арқылы э/э беру көлемі 2020 жылы 62 353 499 кВт*сағ құрады. Трансформаторлардың біреуі істен шыққан жағдайда жиынтық жүктеме 104 % құрайды. Апаттық режимдерде жүктеменің ең жоғары деңгейінде жүктемені аудару мүмкіндігі жоқ, бұл тұтынушылардың ажыратылуына әкеледі. Қосалқы станция Семей қ., Герцен 3А к-сі мекен-жайында орналасқан. Электр энергиясының кернеуін үздіксіз беру үшін 16000 кВА трансформаторын 25000 кВА трансформаторға ауыстыра отырып, кернеуі 35/6 кВ күш, үш фазалы, екі орамалы трансформаторларды жинақтау арқылы қосалқы станцияларды қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жабдықтарды, 35 кВ ажыратқыштарын, 35 кВ кернеу трансформаторын, айырғыштарды, КРУ-6кВ, ОПУ, ЭКЕАЖ, ТбБ, КЖ ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Экологиялық аспект: 6-10-35-110кВ май ажыратқыштарын вакуумдық және элегаздық ажыратқыштарға ауыстыру май толтырылған жабдықты пайдалану кезінде қоршаған орта құрамының ластануын болдырмауға мүмкіндік береді. Пайдалану кезеңінде атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көздері жоқ.