18.07.19 ж. Устинка.Live ақпараттық порталында «Титан шайқасы: энергетиктер монополияға қарсы» жарияланған мақалаға жауап ретінде «ШҚ АЭК» АҚ келесілерді түсіндіреді

 

18.07.19 ж. Устинка.Live ақпараттық порталында «Титан шайқасы: энергетиктер монополияға қарсы» жарияланған мақалаға жауап ретінде «ШҚ АЭК» АҚ келесілерді түсіндіреді.

2018 жылы «ШҚ АЭК» АҚ-на қатысты уақытша өтемдік тариф бекітілді.

«ШҚ АЭК» АҚ заңнамада белгіленген тәртіпте бұйрыққа шағымданды.

ШҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «ШҚ АЭК» АҚ талап-арыздарының басым бөлігін қанағаттандырды.

Апелляциялық сатыдағы сот талқылауы барысында Облыстық соттың азаматтық алқасы бірінші сатыдағы шешімді өзгертті.

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот актілеріне шағымдану құқығын пайдалана отырып, «ШҚ АЭК» АҚ        ҚР Жоғарғы сотына істі кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтініш берді.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша ҚР Жоғарғы Сотында сот талқылауы жүргізілуде. Осыған байланысты «ШҚ АЭК» АҚ қоғамдық пікірге және сот талқылауының тағдырына әсер етуі мүмкін сот қарсылықтары мен іс жүргізу аспектілерінің мән-жайына түсінік беру дұрыс емес деп санайды.

Сонымен қатар, біздің тұтынушыларымыз үшін ТМРКД өкілдерінің жеке сөздері бойынша жеке түсініктеме бергіміз келеді:

ШҚО Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцева жоғарыда аталған мақалада былай дейді:

«Біз бүкіл республика бойынша әріптестерімізбен телефон арқылы байланысқа шықтық. Бұл сынды орын алған жағдай еш жерде жоқ. Тек ШҚ АЭК ғана пайдаланылмаған материалдар үшін қаражатты тарифтік сметаның орындалуы туралы есепке қосуға тырысады. Онда шикізатқа миллиардтаған қаражат қарастырылған, осы сомадан апатты қор құрыңыз».

 

«ШҚ АЭК» АҚ позициясы: «ШҚ АЭК» АҚ «Шикізат және материалдар» бабы шегінде авариялық қор сатып алды. Барлық растайтын құжаттар тарифтік сметаны орындауда қоса берілген, бірақ дәл осы факт уәкілетті орган тарапынан бұзушылық деп танылады.

Бұл ретте электр энергетикасы саласындағы заңнаманың авариялық жағдайларды жою үшін пайдаланылатын авариялық-сақтандыру қорының болуы қажеттілігі туралы талабы ескерілмейді (жылына 2000 астам авария).

«Қор материалдық ресурстардың орталықтандырылған түсімдерінен құрылады және толықтырылады, ол кәсіпорынның айналым қаражаты есебінен қаржыландырылуы тиіс».

 

«ШҚ АЭК» АҚ позициясы: авариялық қорды қаржыландыру айналым қаражаты есебінен жүзеге асырылады.             «ШҚ АЭК» АҚ айналым қаражаты – бұл негізгі қызмет түрінен, яғни электр энергиясын беру бойынша қызметтерге арналған тариф есебінен алынған ақша қаражаты.

«ШҚ АЭК» инвестициялық бағдарламасы 100% орындалды, алайда олар мердігер ұйымдарға тиесілі ақшаны төлемей, оларды ҚҚС төлеуге және мердігерлер алдындағы қарызды өтеуге жіберді. Мұндай фактіні біз алғаш рет анықтадық және ол өтемдік тарифті енгізу үшін тағы бір негіз болып табылады».

 

«ШҚ АЭК» АҚ позициясы: күнтізбелік жылдың соңында мердігерлік ұйымдар алдындағы кредиторлық қарыз барлық кәсіпкерлік субъектілерінде, мемлекеттік мекемелерде және басқа да табиғи монополия субъектілерінде бар, бұл ашық қолжетімді қаржылық есептілікпен расталады. Тексеру жүргізу кезінде «ШҚ АЭК» АҚ мердігерлік ұйымдар алдындағы кредиторлық қарызды төленгендігін атап өткен жөн. Кредиторлық қарызды төлеу жасалған шарттардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

«Біз инвестициялық бағдарлама бойынша жұмыстардың бір бөлігін өздері орындағанын, ал төлем мердігерлерге төлегеніндей есептен шығарылғанын байқадық. Яғни, ШҚ АЭК қызметкер-лерінің сегіз сағаттық жұмыс күні үшін еңбекақы төлеу бойынша смета төмендетілуі тиіс. Алайда, ол жасалған жоқ. Осылайша 35 миллион 370 мың және 32 миллион 523 мың теңге үнемделді».

 

«ШҚ АЭК» АҚ позициясы: прокуратураның тексеруі шеңберінде жалақыны есептеу заңды түрде жүргізілгені анықталды. Кәсіпорынның өз қызметкерлерінің алдында еңбекақы төлеу қоры бойынша қарызы жоқ, бұл сондай-ақ еркін қол жетімділіктегі қаржылық және статистикалық есептермен расталады.

Сонымен қатар, сот талқылауы бойынша шешім шығару соттардың айрықша құзыреті болып табылатынын тағы да атап өтеміз.

Энергия беруші компания ҚР Жоғарғы Сотының шешімі шығарылғаннан кейін тиісті түсініктемелер береді.

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.