«БЭСК» АҚ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАРЫ

 площадки 250725

 

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде өмірдің түрлі салаларында цифрлық технологияларды енгізу және пайдалану процесіне сәйкес «БЭСК» АҚ өз тұтынушыларына қызмет көрсетудің жаңа тәсілдерін әзірлеуді үнемі жүргізуде.

Компанияда онлайн-сервистер енгізілді - Тұтынушының жеке кабинеті, Telegram-Bot, WhatsApp-Bot, Мобильді қосымша, SMS және E-mail тарату.

WhatsApp Вот № тел +7 771 302 20 25 - бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді, мұнда жеке шот бойынша артық төлемді/қарызды біле аласыз, көрсеткіштерді жібере аласыз, сонымен қатар ВОТ жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Компанияның Telegram-Bot жүгінген кезде тұтынушылар өздерінің жеке шоттары бойынша қарызды біле алады, электр энергиясын есепке алу құралынан көрсеткіштерді бере алады, ай сайынғы қарыз туралы хабарламаларды жіберуді сұрай алады.

Ыңғайлы «Мобильді қосымша» сервисі тұтынушыларға онлайн-режимде жеке шоттарының жай-күйін бақылауға көмектеседі – бұл сіздің шотыңызды қарапайым және оңай басқаруға мүмкіндік береді.

«БЭСК» АҚ-да шот-хабарламаларды электрондық поштаға (тегін қызмет) немесе ұялы телефонға SMS-хабарлама (ақылы қызмет – 20 теңге) арқылы жеткізуге жазылу мүмкіндігі жүзеге асырылды.

Электр энергиясын беру және энергиямен жабдықтау мәселелері бойынша тұтынушылар байланыс орталығына Өскемен қ. 8(7232)700-555 және Семей қ. 8 (7222) 600-020 телефондар арқылы, немесе тұрғылықты жері бойынша «БЭСК» АҚ-ның жақын жердегі кеңселеріне (АЭЖ және бұрынғы «Шығысэнерготрейд» ЖШС кеңселері) жүгіне алады.

Байланыс орталығының операторларымен бірге цифрлық Робот-оператор кіріс қоңырауларды жедел өңдейді. Ол тұтынушыларға қарыз және төлем мәселелері бойынша кеңес береді, сонымен қатар электр энергиясын есептеу құралынан көрсеткіштерді қабылдайды. «Робот – оператор» сервисінің телефоны – 8 (7232) 569887.

Компания қызметтерінің әртүрлілігі – бұл тұтынушылардың мәселелерін біз үшін қол жетімді бір тәсілмен шешу емес, бұл тұтынушыларға байланысу алаңын өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.

Тұтынушылар компанияның әрбір сервисінің алаңында өздерінің дербес шотындағы қозғалыс бойынша ақпаратты біле алады, сондай-ақ Тұтынушының жеке кабинеті, Мобильді қосымша және E-mail тарату сервистері арқылы электрондық шот-хабарламалар мен салыстыру актілерін ала алады.

Кәсіпорынның жоспарларында тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін айналымнан қағаз жеткізгіштегі шот-хабарламаларды алып тастау мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл шот-хабарламаларды басып шығаруға ақпаратты өңдеуді жеңілдетеді және тұтынушылардың дербес деректері мәселесінде қауіпсіздікті арттырады. Сондай-ақ, цифрлық платформаларды қызметте пайдалану адами фактордың сервистік қызмет көрсету сапасына әсерін төмендетеді, ақпараттың қолжетімділігін арттырады және жұмыс процестерінің тиімділігіне оң әсер етеді.

 

«БЭСК» АҚ цифрлық ақпараттық алаңдарына және компанияның сервистік алаңдарына қош келдіңіз!

«БЭСК» АҚ қызметі туралы көбірек өзекті жаңалықтар мен анықтамалық ақпарат

компанияның сайтында www.besk.kz

және Instagram-да besk_energosnabzheniye және besk_energoserviсе

 

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.