-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
Электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде
- Жарияланды 30 Қазан 2025
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамы пайдалану жұмыстары шеңберінде электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындауды жалғастыруда. Жұмыстар тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
Бесқарағай АЭЖ қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электр монтерлері Ж-78, Ж-79 және Ж-80 ажыратқыштарын 35/10 кВ «Башкуль» қосалқы станциясындағы осы заманғы элегаздық ажыратқышқа ауыстыруды орындады.

Семей АЭЖ ТП-20 мен ТП-90 арасындағы учаскеде кәбілдік муфталар құрастырылды, сондай-ақ ҚС-3 ӘЖ-6 кВ, Ж-318 желісіндегі ағаштардың ұшар бастары кесілді.
Үржар АЭЖ Тас-Арық ауылындағы ЖТҚС-17 Ж-1 ӘЖ 0,4 кВ ағаштардың ұшар бастары кесілді.

