-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
«БЭСК» АҚ электр желілерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде
- Жарияланды 15 Қазан 2025
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамы пайдалану жұмыстары аясында электр желілерінің жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы іс-шараларды жалғастыруда. Аталған жұмыстар тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді және сапалы қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған.

Алтай электр желілері ауданында 10 кВ «Соловьёво» қосалқы станциясынан шығатын Л-7 әуе желісінде қабылдау траверсасы ауыстырылды, сондай-ақ №140 трансформаторлық қосалқы станциясынан шығатын 0,4 кВ Л-8 желісінің №10 тірегі жаңартылды.
Шемонаиха электр желілері ауданында қызметкерлер кеңейту багындағы әйнекті ауыстырып, №76 жинақталған трансформаторлық қосалқы станциясындағы ескертілген кемшіліктер жойылып, КТП-27 нысанындағы есіктерді бекемдеу жұмыстарын орындады.
