-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
БЭСК» АҚ 2026 жылғы көктемгі су тасқынына объектілерді дайындауды жүргізуде
- Жарияланды 05 Қараша 2025
2026 жылғы көктемгі су тасқынын өткізуге дайындық аясында Күршім АЭЖ Марқакөл желілік учаскесінің қызметкерлері жоспарлы су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін орындады.
Жұмыс барысында жинақталған трансформаторлық қосалқы станциясы (ЖТҚС) және өзен жағалауына жақын орналасқан электр берудің әуе желісінің учаскесі, су басуға ұшырамайтын, қауіпсіз аймаққа көшірілді. Бұл көктемгі су тасқыны кезінде жабдықтардың зақымдануының алдын алуға және тұтынушыларды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.




Бұдан басқа, 110/35/10 кВ «Теректі» қосалқы станциясында көктемде таулы жерлерден келіп түсетін еріген суды ағызуға арналған траншея жасалды.
Сондай-ақ, «Теректі» қосалқы станциясының айналасында бұталар кесілді. Аталған іс-шараны өткізу қосалқы станцияны су басуды болдырмауға және электр жабдықтарын сақтауға бағытталған.
Барлық жұмыстар бекітілген жоспарға, техникалық талаптарға және еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларына сәйкес жүргізілді.
