-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
«БЭСК» АҚ электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде
- Жарияланды 12 Қараша 2025

«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамы пайдалану жұмыстары шеңберінде электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындауды жалғастыруда. Жұмыстар тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
Алтай АЭЖ-де қосалқы станцияларға қызмет көрсету жөніндегі электромонтерлер ЖТҚСС-344 тарайтын 0,4 кВ әуе желісіндегі Ж-1 №12 ақаулы тірегін ауыстыруды жүргізді.

Бородулиха АЭЖ-де Новопокровка ауылындағы ЖТҚС 5-19 және ЖТҚС 5-10 тарайтын Ж-1 мен Ж-3 0,4 кВ әуе желілерінің күзет аймағында ағаштардың ұшарбасын кесу жұмыстары орындалды.
