-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
«БЭСК» АҚ электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде
- Жарияланды 27 Қараша 2025



«БЭСК» АҚ электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде
«Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамы пайдалану жұмыстары шеңберінде электр желілік жабдықтарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жоспарлы іс-шараларды орындауды жалғастыруда. Жұмыстар тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.
Үржар АЭЖ-де Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтерлер бірқатар жоспарлы жұмыстар жүргізді.
«Бахты» қосалқы станциясынан тарайтын ӘЖ-10 кВ Ж-2-де сыртқы қондырғы, екі бағаналы үлгідегі желілік ажыратқыш құрылғысын ауыстыру орындалды.
Сонымен қатар, «Таскескен» қосалқы станциясынан тарайтын ӘЖ-10 кВ Ж-1 тіректерін ауыстыру жүргізілді.
«Таскескен» қосалқы станциясының ОРУ-110 кВ-да зақымданудың болуына жылыту жабдығының жай-күйін тексеру, оның жұмыс қабілеттілігін тексеру және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстары жүргізілді.



