-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
Семейде Президент Жолдауы аясында Қазақстанның энергетикалық тәуелсіздігі мәселелері талқыланды
- Жарияланды 09 Қараша 2026

Отандық энергетиканы дамыту, генерациялау қуаттарын арттыру және электр энергиясын жинақтау жүйелерін енгізу мәселелері Семей қаласында «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ ұжымымен өткен орталық мемлекеттік органдар өкілдерінің кездесуінде негізгі тақырыптарға айналды.
Абай облысына жұмыс сапарымен Құрылтай депутаты Айрат Базенов, Энергетика вице-министрі Бакытжан Ильяс және Ұлттық экономика министрлігінің Арнайы бағдарламалар комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздыков келді.
Кездесу барысында қатысушылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын талқылап, энергетикалық қауіпсіздікке, экономиканың тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аударды.
28 қазанда Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2029 жылға қарай тұрақты энергетикалық профицитке қол жеткізу міндетін қойды. Осы мақсатта жаңа электр станцияларын салу, қолданыстағы станцияларды жаңғырту, жаңартылатын энергетиканы дамыту және электр берілісі желілерін жаңарту қажет.
Кездесу соңында «БЭСК» АҚ өкілдері жергілікті электр желілерін жаңғырту, тарифтік саясат және энергетика саласындағы жас мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары бойынша сауалдарын қойды.
Президент Жолдауының негізгі бағыттарын өңірлерде түсіндіру мақсатында Құрылтай депутаттары мен мемлекеттік органдар өкілдерінің жұмыс сапарлары жалғасуда.
