Наурыз

22 наурыз «ШҚ АЭК» АҚ Өскемен қаласында Қазақстан көшелерінде салт-дәстүр бойынша киіз үй тігіліп Наурыз мейрамы мерекеленді. Бұл күні ауа- райы жылы, нағыз мерекелі болды. Мейрамға дайындыққа АЭКпен қатар «Шығысэнерготрейд» ЖШС қатысты.

Көпжылғы тәжірибе іс-шараны өте жақсы өткізуге себеп болды. Тамаша дастарқан жайылып, палау және т.б. ұлттық тағамдар дайындалды. Әдемі жиналған киіз үйде қонақтарды ұлттық киімдегі сұлу арулар және әдемі әуезді күй орындаған ақын қарсы алды. Көшеде тосыннан құрылған сахнада музыка ойнап, әртістер өнер көрсетті.

Қатысушылардың  дайындық  деңгейін бағалайтын әділқазылар барлық кезеңге көңіл аударды және де Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов  біздің киіз үйдің жанына келіп әуезді күйді тыңдады.

Барлығы бұрынғыша болды: еңбекті көп керек ететін дайындық,басшылардың қонақтармен кездесуі, ардагерлерді сыйлау және де соңында мерекені қызықты әрі көңілді өткізуге барын салып жүрген қызметкерлердің достық отырысымен аяқталды.

 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС
  • ӨСКЕМЕН қ, ШҚО
    • Бажов көшесі, 10-үй, тел. 8 (7232) 700-500 (байланыс орталығы), e-mail: headoffice@besk.kz
  • СЕМЕЙ қ., АБАЙ облысы
    • Қаржаубайұлы көшесі, 243А, тел. 8 (7232) 700-500 (байланыс орталығы), e-mail: headoffice@besk.kz