«БЭСК» АҚ ХАБАРЛАЙДЫ

Электр энергиясын заңсыз тұтыну

 

Электр энергиясын ұрлау электр желілерін таратушы компаниялар үшін өзекті мәселелердің бірі болып қалады. Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бұзу* айтарлықтай шығындарға және электрмен жабдықтау сенімділігінің төмендеуіне әкеледі.

Жымқыру - электр энергиясын заңсыз тұтыну - бұл желілерге өз бетінше қосылу, есепке алу құралдарынан басқа электр жабдықтарын қосу, электр санауыштардың жұмысына араласу, көрсеткіштерді бұрмалайтын құрылғыларды орнату, сондай-ақ тоқ пен кернеу трансформаторларының қосылу схемаларын өзгерту.

Ұрлықты анықтау үшін «БЭСК» АҚ энергетиктері заңсыз тұтынуды анықтауға бағытталған тексерулерді әрдайым жүргізеді. Бұзушылықтарды анықтаудың негізгі әдістерінің қатарына деректерді автоматтандырылған жүйелерге бере отырып, заманауи коммерциялық есепке алу құралдары, көрсеткіштерді жүйелі түрде салыстыру, санауыштардың ұзақ мерзімді өзгермейтін деректерін талдау, қосылу схемаларын тексеру және жабдықты визуалды тексеру қолданылады.

Осындай фактілерді анықтау және жолын кесу бойынша қабылданған шараларға қарамастан, кейбір тұтынушылар төлемді төмендетудің немесе электр энергиясын төлеуден толық жалтарудың әртүрлі әдістерін қолдануды жалғастыруда.

Энергетиктер бұзушылықтар анықталған кезде тәулік бойы пайдалануды ескере отырып, нақты қосылған жүктеме негізінде тұтыну көлемін қайта есептеу жүргізілетінін еске салады. Мұндай жағдайларда есептеу сомасы айтарлықтай болуы мүмкін.

Егер сіз электр энергиясын заңсыз тұтыну немесе ұрлау, сондай-ақ есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін бұрмалауға арналған құрылғыларды сату немесе орнату фактілері туралы білсеңіз, бұл туралы +7(7232) 48-99-09 сенім телефоны немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық пошта арқылы дереу хабарлауды сұраймыз

 

* Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидалары

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.