-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Сенімді және сапалы электр энергиясын беру мен энергиямен қамтуды қамтамасыз ету

-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту

-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері

-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар

-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.

-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету

Жаңалықтар
БЕРЕШЕККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨШІРІЛГЕН КЕЗДЕ ТҰТЫНУШЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ЕТУ ТӘРТІБІ
- Жарияланды 31 Тамыз 2026
- Тұрғылықты жеріңіз бойынша Жеке қызмет көрсету орталығына (ЖҚКО)/«БЭСК» АҚ-ның жақын орналасқан кеңсесіне (АЭЖ) жүгіну
Қосылу қызметі үшін берешек туралы ақпаратты және төлем шотын алу қажет (Шотта төлем жасау үшін қажетті ақпарат, оның ішінде ҚОСУ КОДЫ* көрсетілген)
- Тұтынылған электр энергиясы бойынша берешекті толық көлемде төлеу
Төлем «БЭСК» АҚ терминалдары, Halyk Bank, Kaspi Bank қосымшалары арқылы жүзеге асырылады
- Берілген төлем шотына сәйкес қосу қызметінің ақысын төлеу
Төлем Halyk Bank, Kaspi Bank қосымшалары арқылы жүзеге асырылады
- ЖҚКО/АЭЖ операторына берешекті және қосу қызметін төлегені туралы түбіртектерді ұсыну
Оператор қосуға өтінім рәсімдейді**
* ҚОСУ КОДЫ - бұл номенклатуралық нөмір (қызмет түрінің бухгалтерлік коды).
Осы код бойынша қызмет құны әрбір объекті үшін жеке есептеледі және төмендегі шарттарға байланысты:
- Объектінің түрі мен қосылу орнына: көпқабатты үй, жеке сектор (тіректен, есеп шкафынан немесе есептегіштен), ТҚС немесе ЭКЕАЖ;
- Жұмыстардың сипатына: фазность фазалылығы (бір фазалы/үш фазалы кіріс), тіректен ғимаратқа дейінгі сымның/кабельдің ауыстырылу қажеттілігі;
- Техникалық ресурстарға: арнайы техниканы/жалға алынған көлікті тарту қажеттілігі;
- Объектінің қашықтығына (шақырыммен есептелетін арақашықтық).
** Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, 62т. Егер Тұтынушы электрмен жабдықтау шартының талаптарын бұзғаны немесе осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін ажыратылса, онда оны энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым Тұтынушының бұзылуларды жою және қосылу жөніндегі көрсетілетін қызметке ақы төленгенін растайтын құжаттары қоса берілген өтінішпен жүгінгенне кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қосады.
Қосымша сұрақтар бойынша тұтынушылар «БЭСК» АҚ Байланыс орталығына 8 (7232) 700-555 нөмірі арқылы жүгіне алады.
https://besk.kz/kz/potrebitelyam/energosnabzhenie/obratnaya-svyaz/3461-zhii-ojylatyn-s-ra-tar
