-
Электр энергиясының сенімді және сапалы берілуін қамтамасыз ету
-
Электр желілері мен инфрақұрылымды дамыту
-
Тиімділіктің негізі – Компания қызметкерлері
-
Командада жұмыс істеу және нәтижеге жетуге бағдар
-
«БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
- Шығыс Қазақстан облысында 34 449,47 км электр берілісі желілеріне қызмет көрсетеміз
- 15 ауылдық аудан
- 10 қала, 872 кент және ауыл
- 254 селолық және ауылдық округтер
- Жоғары вольтты желілер
- Кабельдік желілер
- Үй ішілік электр желілері
- Көше жарығы
- Қосалқы станциялардың жабдықтары
- Құрылыс жұмыстары
- Қайта жаңарту
- Күрделі жөндеу және жаңғырту
- Қосалқы станциялардың, әуе және кабель желілерінің электр жабдықтарын, қорғау құралдарын сақтықтық сынау
- Технологиялық жабдықтарды баптау.
-
Текст:
«БЭСК» АҚ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келетін Біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілді және сертификатталды: ISO 9001:2015 - Сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), ISO 14001:2015 Экологиялық менеджмент жүйесі (ЭМЖ), ISO 45001:2018 - Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі (ДСжЕҚҚМЖ). ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001:2018 талаптарына сәйкестік сертификаты SNAS (Slovak National Accreditation Service) Словакияның аккредиттеу қызметі аккредиттеген CERT INTERNATIONAL сертификаттау органымен берілген, берілген сертификаттар 2025 жылға дейін жарамды. Біріктірілген менеджмент жүйесін қолдану саласы: Электр энергиясын беру.
-
20 Желт 2024АО «Объединённая ЭнергоСервисная Компания» сообщает о технологическом нарушении
-
25 Қар 2024ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МЕН АБАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫН ТҰТЫНУШЫЛАРҒА АҚПАРАТ
-
-
Шығыс Қазақстанның тарату желілері 1949 жылдан бері қолданыста. «Біріккен ЭнергоСервистік Компания» АҚ қызметінің негізгі түрі электр энергиясын беру болып табылады. «БЭСК» АҚ Шығыс Қазақстан облысының және Абай облысының аумағына қызмет көрсетеді.
Қызмет көрсету аумағы 15 ауылдық ауданды, 10 қаланы, 872 кент пен ауылды, 254 селолық және ауылдық округті қамтиды. Кәсіпорын желілерінің ұзындығы 34 313 км құрайды. Қызмет көрсетілетін аумақтың ауданы – 283 300 шаршы километр. 35 кВ және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялар саны – 311 дана, ТҚС, ЖТҚС, РП, ЦРП саны – 6 434 дана, есепке алу нүктелерінің саны – 472 096. Компанияның активтері 226 622 шартты бірліктен асады. Оларға қызмет көрсетумен 3000-ға жуық қызметкер айналысады. Қызмет көрсетілетін жабдық бірліктерінің саны және электр желілерінің ұзындығы бойынша «БЭСК» АҚ Қазақстанның ең ірі өңірлік энергия беруші кәсіпорындарының бірі болып табылады. «БЭСК» АҚ негізгі өндірістік міндеті негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың сенімді жұмысы арқылы тұтынушыларға электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету болып табылады.
Осы міндетке қол жеткізу үшін «БЭСК» АҚ жыл сайын техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, негізгі электр жабдығына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізеді, нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды ескере отырып, инвестициялық міндеттемелерге сәйкес іс-шараларды іске асырады. «БЭСК» АҚ-да үш халықаралық стандарт бойынша Біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілді және қолданылады: ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018.
Кәсіпорынның мекенжайы- 070002, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ., Бажова к-сі 10.
- Телефон: + 7 (7232) 48-96-40
- e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.