«БЭСК» АҚ ескертеді.

210525 каз

 

Құрметті тұтынушылар!

Соңғы уақытта алаяқтар біздің компания қызметкерлері ретінде көрініп, сіздерді алдауға тырысатын жағдайлар көбейіп кетті. Мұндай әрекеттерден өзіңізді қорғау үшін келесі кеңестерді ұсынамыз:
1. Ақпарат алу: Әрқашан сенімді ақпаратты тек біздің компанияның ресми дереккөздерінен алыңыз — ресми сайтымыз www.besk.kz және Instagram-дағы аккаунтымыз @besk_energoservice.
2. Байланыстарды тексеру: Бейтаныс адамдардан, өздерін біздің қызметкерлеріміз деп таныстыратын қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде мұқият болыңыз. Әрдайым олардың шынайылығын ресми арналар арқылы байланысып тексеріңіз.
3. Жеке ақпарат: Бөтен адамдарға жеке деректеріңізді, құпия сөздеріңізді немесе қаржылық мәліметтеріңізді ешқашан бермеңіз.
4. Күдікті сілтемелер: Күмәнді хабарламалар немесе хаттардағы сілтемелерге, тіпті олар ресми көрінсе де, өтпеңіз.

Егер сізде күмән туындаса немесе күдікті әрекеттерге тап болсаңыз, ресми байланыс арналарымыз арқылы бізге дереу хабарласыңыз.

Барлық алаяқтық фактілері мен күдіктері бойынша дереу құқық қорғау органдарына «102», «112» нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

Өзіңізді сақтаңыз және мұқият болыңыз!

 

Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.