«Шығысэнерготрейд» ЖШС Шығыс Қазақстанды үздіксіз энергиямен жабдықтауға кепілдік бере алмайды

Қазіргі таңда энергиямен жабдықтаушы ұйым «Шығысэнерготрейдтің» залалы миллиард теңгеге таяды. Серіктестік 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне тариф көтеруге 5 өтінім берген болатын. 2016 жылдың тамыз айында «Шығысэнерготрейд» ЖШС электр энергиясына бағаны көтеруге тыйым салу туралы реттеушінің дәлелді қорытындысын алды. 
 
Жағдай облыстың коммуналдық кәсіпорындарының дебиторлық берешегінің өсуімен қиындап барады, соның ішінде «Теплокоммунэнерго» МКК, «Семей-Водоканал» МКК және Зырян қ. «Водоканал» МК. Бүгінгі күні коммуналдық кәсіпорындардың «Шығысэнерготрейд» ЖШС-не қарыздары 0,7 млрд. теңгеден астам құрайды. 
 
Ақшалай қаражат тапшылығы электр энергиясын жеткізушілер мен тасымалдаушылардың алдындағы қарыздың артуына себеп болып отыр – энергиямен жабдықтаушы ұйымның Өскемен және Шүлбі СЭС-ның алдындағы берешегі 780 млн. теңгені құрайды. 
 
«Шығысэнерготрейд» ЖШС кассалық алшақтықты жабу үшін банктерден несие алуға мәжбүр. Бүгінгі күні энергиямен жабдықтаушы ұйымның берешегі несиелер бойынша төлемдерін есепке алғанда, 1 млрд. теңгеден артты. 
 
«Шығысэнерготрейд» ЖШС бас директоры Вячеслав Аксеновтың айтуынша, күз-қыс мезгілінің қарсаңында энергиямен жабдықтаушы ұйымның қаржылық жағдайы өте мүшкіл деп бағалануда және өңірдің үздіксіз энергиямен жабдықталуына кепілдік бере алмайды. 
 
Энергия өндіретін және энергия беру ұйымдарына электр энергиясын жеткізу және тасымалдау үшін уақытында төлемеу олардың тарапынан айыппұл шараларына және «Шығысэнерготрейд» ЖШС тұтынушылары үшін электр энергиясының жеткізілуіне шектеу енгізілуіне әкеліп соғуы мүмкін.
 
Соңғы рет «Шығысэнерготрейд» ЖШС қызметтеріне тариф 2015 жылдың 1-қаңтарында көтерілгенін естеріңізге саламыз, сондай-ақ, бір жарым жыл ішінде энергиямен жабдықтаушы ұйымның тарифін құрайтын тауарлар мен қызметтерге баға айтарлықтай артты.
Рассылка 2

Байланыс орталығының телефоны

8 72 32 700 555

Жұмыс   кестесі:

Дүйсенбі – жұма сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін

Түскі үзіліссіз

Демалыс – сенбі, жексенбі

Компанияның қызметтері
Контакт-центр

Біз байланыс үшін әрдайым ашықпыз және энергия беруге, негізгі және қосалқы энергетикалық жабдықтардың жұмысына, сондай-ақ энергиямен жабдықтауға қатысты кез-келген мәселелерді түсіндіруге дайынбыз.

Байланыс орталығының телефоны 8 72 32 700 555

Личный кабинет

https://besk.kz/. сайтындағы “Тұтынушының жеке кабинетінде” тіркеліңіз.

  • Коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін беріңіз
  • Салыстыру актісі мен электр энергиясы шотын қалыптастырыңыз
  • E-mail және SMS арқылы шоттарды алуға жазылымды ресімдеңіз
  • Оператордың “қоңырау шалуына” тапсырыс беріңіз
WhatsApp бот

Өзіңіздің контактілер тізіміңізіге WhatsApp-Bot +7 771 302 20 25 нөмірін енгізіңіз де сөйлесуді бастаңыз. Бұл қызмет хабарламаларды автоматты түрде өңдейді және оларға жауап береді. Мұнда СІЗ жеке шот бойынша артық төлемді/берешекті біле аласыз, көрсеткіштерді бере аласыз, сонымен қатар бұл Bot жиі қойылатын сұрақтарға жауап табуға көмектеседі.

Telegram бот
Компанияның Telegram-Bot-ына хабарласып, өзіңіздің дербес шотыңыз бойынша берешегіңізді біле аласыз, электр энергиясын есепке алу аспабының көрсеткіштерін бере аласыз, берешегіңіз туралы ай сайын хабарлама жіберуге өтінім бере аласыз.
Мобильное приложение
Мобильді қосымшасын Play Market немесе App Store арқылы тегін жүктеп алыңыз және онлайн-режимде өзіңіздің дербес шотыңыздың жай-күйін қадағалаңыз.
Рассылка 1

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

Электрондық шот қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет тегін көрсетіледі.

Рассылка 2

Бұл қызмет түріне дербес қызмет көрсету орталықтарында тіркелуге болады, немесе Жеке кабинет арқылы қосымшасына сырттай өтінім беруге болады.

SMS-хабарлама қағаз шоттардың баламасы болып табылады. Қызмет көрсету ақылы – 20 теңге.